Атап айтқанда, 20 жаңа тұрғын үйде 658 пәтер салу жоспарланып отыр. Ауданда 2024 жылы 5 және 7 қабатты, 301 пәтерге арналған 8 тұрғын үй салынып тапсырылған болатын. 2025 жылы болса, 406 пәтерге арналған 13 бес және жеті қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Айта кету керек, жеті қабатты тұрғын үйлер энергия үнемдейтін құрылыс материалдарымен, лифттермен және ақылды жылыту қазандықтарымен жабдықталған. Бұл тұрғындар үшін көптеген қолайлылықтар мен қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуде.
2026 жылы да бұл жұмыстарды жалғастыру жоспарланған. Атап айтқанда, 20 тұрғын үйдің құрылысы нәтижесінде 310 млрд сум көлеміндегі жұмыстар жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласында 158, ал құрылыс саласында 750 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар 80 сауда және қызмет көрсету нысаны ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, Беруни ауданы орталығында орналасқан 196 пәтерлі 16 көпқабатты тұрғын үйде реновация жұмыстары жүргізіледі. Әмір Темір, Орталық және Хорезм махаллалары аумағында орналасқан көпқабатты үйлердің орнына реновациядан кейін заманауи үлгідегі тұрғын үйлер бой көтереді деп жоспарланған.
Ықшам әрі барлық заманауи қолайлылықтарға ие тұрғын үйлерге бүгінде халық тарапынан сұраныс жоғары. Осыған байланысты тұрғын үй құрылысы барысында сапалы құрылыс материалдарын пайдалану бойынша тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Минажатдин Құтлымұратов,
«Янги Узбекистон» газетінің тілшісі.