Бір жасқа дейінгі балаларға қандай азық-түлік тағамдарын беруге болмайды?

    Денсаулық 16 Fevral 2023 7979

    Балаларды салауатты, дұрыс тамақтандыру өте маңызды әрі нәзік үдеріс. Өйткені олардың ішкі мүшелері ересектердікінен ерекшеленеді.

    Сондықтан күнделікті өмірімізде тұтынылатын барлық азық-түлік тағамдарды кішкентайлардың ағзасы оңай қабылдай алмайды.

    Сондықтан, кейбір тағамдар кішкентай ұл-қыздардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

    Осыны негізге ала отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары жаңа туған нәрестелер мен 6 айдан 1 жасқа дейінгі ұл-қыздарды дұрыс тамақтандыру бойынша ата-аналарға қажетті ұсыныстарын беріп келеді.

    Олардың қорытындысы бойынша, алты айға дейінгі сәбилер үшін ең жақсы және мақұл болған тағам — ана сүті. Қосымша тағамдарды осы кезеңнен бастап балалардың рационына енгізу мақсатқа сәйкес.

    Олар майсыз және жақсы ұсақталған жемістер, ет, көкөніс пюресі, ірімшік және йогурт болуы мүмкін.

    - Бірақ бұл кезеңде мына азық-түліктерді нәрестелерге берілмеуі тиіс:

    - бал және бал қосылған өнімдер, сонымен қатар, кондитерлік өнімдер (құрамында ботулизм тудыратын споралар болуы мүмкін);

    - тағамнан улану қаупі бар тағамдар (шикі немесе шала пісірілген ет);

    - пісіру немесе қайнату кезінде сарысы қатып қалмаған жұмыртқалар;

    - пастеризацияланбаған сүт өнімдері;

    - орман саңырауқұлақтары;

    - кәмпиттер, сағыз, қатты печенье және кептірілген нан бөлектері;

    - құрамында кофеин бар сусындар, сонмен қатар шайды (оларды екі жасқа дейінгі балаларға беруге болмайды).

    Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.