Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Испания Премьер-министрі Педро Санчестің жастарды әлеуметтік желілердің «улы әлемінен» қорғау идеясын қолдап, жас шектеулерін енгізуге шақырды.
«Платформалар балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғайтын түрде жасалып, басқарылуы тиіс», — деп жазды ДДСҰ Бас директоры X желісінде. Оның айтуынша, бұл үшін, басқа шаралармен қатар, «нақты жас шектеулерін енгізу» қажет.
Гебрейесус Испания премьер-министрінің пікіріне қосылып, «әлеуметтік желілерді реттеу және жауапкершілік өте маңызды» екенін айтты. ДДСҰ Бас директорының сөзінше, дәлелдер балаларға келтірілген зиян тек әлеуметтік желілерді пайдаланумен ғана емес, олардың қалай құрылғанымен де байланысты екенін көрсетеді. Осыған байланысты ол әлеуметтік желілердің «зиянды және өзіне тәуелділік тудыратын құрылым» қарсы күресуге және оларды «тәуелсіз бақылауға алуға» шақырды, деп хабарлады tass.ru.