Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Үстіміздегі жылдың 14 октябрь күні Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери ынтымақтастық аясындағы ең ірі оқу-жаттығуларының бірі – «Бірлік-2025» Аумақтық бірлескен оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Шараның ашылу салтанатында айтылғанындай, бірнеше күнге арналған оқудың мақсаты — мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту, әскери ынтымақтастықты күшейту, әлемдегі геосаяси шиеленіс пен дағдарыстың күшеюі салдары, сондай-ақ жаңа қауіптер мен қауіп-қатерлердің туындауы жағдайында заманауи сын-қатерлерге тиімді қарсы тұруда жақын серіктестік байланыстарды одан әрі күшейту.
«Бірлік-2025» Аймақтық бірлескен оқу-жаттығуына қатысушылар бүгінгі күннің жауынгерлік тәжірибеге сүйеніп шайқасудың ең тиімді әддіс пен тәсілдерін қолданып, алыс қашықтықтағы нысандарды сенімді түрде жою артиллериясын, ұшқышсыз ұшу аппараттарының, броньды техниканың және тағы басқа да қарулардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, талап етілген оқу-жауынгерлік міндетін бірге орындайды.
Сондай-ақ оқу-жаттығу аясында қатысушылар жекпе-жек өнерінің озық әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, жауынгерлік дайындық жаттығуларын өткізіп, түрлі жарыстарға қатысып, көне Самарқант қаласына саяхат жасап, халқымыздың бай тарихи-рухани мұрасымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен танысу көзделген. Самарқантта Орталық Азия елдері мен Әзербайжан Республикасының қорғаныс министрлерінің бірінші кездесуін өткізу де осылар қатарында.








