Банк карталарына байланысты күдікті (фрод) операциялардың алдын алу, алаяқтық схемаларында жеке тұлғаларға тиесілі есепшоттардың және банк карталарының қатысуын азайту мақсатында банктер тарапынан бір жеке тұлғаға (бір ЖТЖИН-не)  карталар санын ( виртуалды және кобейджинг карталарды ескере отырып) уақытша бір банктен 5-ке дейін, барлық банктерден 20-ға дейін белгілеу мәселесі қарастырылуда.

Бұл талап шетел валютасына ашылған банк карталарына қолданылмайды деп болжануда.

Жеке тұлғалардың атына көп ашылған банк карталарын талдау барысында, осы банк карталарының бір бөлігінен  (көп жағдайда карта иесінің хабары жоқ) алаяқтық мақсаттарда пайдаланылып жатқаны анықталған.

Сондай-ақ, бұл талаптар толық дайындалғаннан кейін журналистер мен жалпы жұртшылықтың талқылауына жіберіледі.