БҰҰ-мен ынтымақтастықта климаттың өзгеруі саласындағы жаңа жобалар жүзеге асырылады

    Жасыл планета 9 Noyabr 2023 740

    Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева елімізге іссапармен келген БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, Көгалдандыру және орман бойынша Жаһандық форумның директоры Джулета Биао Куденукпомен кездесті. Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту, атап айтқанда, денсаулық сақтау, экология, климаттың өзгеруі бағытындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Соңғы жылдары Өзбекстандағы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерімен ынтымақтастықта «жасыл» экономика, климаттың өзгеруі, сауданы дамыту сияқты бағыттарда бірқатар жобалар долға қойылды.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының «Өзбекстан Республикасындағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі ұлттық әрекеттерін бақылау және техникалық көмек көрсету бойынша интеграцияланған және кеңейтілген ашықтық жүйесін жарату әлеуетін арттыру» жобасы тиімді жүзеге асырылуда.

    Климаттың өзгеруіне қарсы күресте оның балаларға, жастарға және әйелдерге тигізетін әсерін ескере отырып, жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Қазіргі уақытта Орталық Азия жаһандық климаттық өзгерістердің салдарын көбірек бастан кешіруде. Арал теңізінің құрғауы аймақта кешенді экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларды туғызды. Осы тұрғыдан алғанда, сұхбат барысында БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелерінің белсенді қатысуымен «жасыл» технологияларды кеңінен енгізуді және заманауи климаттық технологияларды тартуды техникалық қолдап-қуаттаудағы жаңа шараларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Сындарлы және іс жүзіндік рухта өткен кездесу соңында диалогты жүйелі жалғастыру, тұрақты дамыту, адам құқықтарын қорғау мен ынталандыру, ынтымақтастықта жүзеге асырылатын жобалардың ауқымын кеңейту келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатыныңы баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates