БҰҰ институттарының басшыларымен Аралбойындағы жобалар мен суды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

    Нью-Йорк қаласында Өзбекстан Республикасының Экономика және қаржы министрі Шерзод Кудбиев басшылығындағы делегацияның серіктестермен кездесулері жалғасты.

    Делегация мүшелері БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің (ECOSOC) жоғары деңгейдегі саяси форумы аясында ұйым институттарының басшыларымен кездесті.

    БҰҰ-ның Еуропа экономикалық комиссиясының (ЕЭК) атқарушы хатшысы Ольга Алгаеровамен Орталық Азия аймағындағы су ресурстарын тиімді пайдалану және оның мониторингін жүргізуде заманауи технологияларды қолдану бойынша ЕЭК-мен ынтымақтастық жасау мәселелері қаралды.

    ЕЭК басшысы қазірде БҰҰ аясында су мәселесіне бағытталған құралдар бар екенін және олар 30 жылдық сынақтан өткенін атап өтті. Кездесу соңында су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жаңа мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің жобаларын жүзеге асыруға келісілді.

    БҰҰ Даму бағдарламасы администратордың көмекшісі – Еуропа және ТМД бойынша аймақтық бюро директоры Ивана Живковичпен кездесуде Арал бойының аумағында климаттың өзгеруіне қарсы, жергілікті халықты әлеуметтік қорғауды жақсартуға бағытталған техникалық және қаржылық жобаларды көбейту бойынша ұсыныстар әзірлеудің маңыздылығы айтылды.

    Сонымен қатар, Өзбекстанның 2-Тұрақты даму бондтарын шығаруда БҰҰДБ-мен ынтымақтастық жасауға келісілді.

    Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың 12 июнь күні Өзбекстан Республикасының Экономика және қаржы министрі Шерзод Кудбиев пен елімізге сапармен келген Ивана Живкович басшылығындағы БҰҰ Даму бағдарламасының ресми өкілдері делегациясының кездесуі өткен болатын.

    Онда Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, кембағалдықты азайту және ауылдық аумақтарды дамыту, «Бастамалық бюджет» жобасы мен оның адамдарын белсенділікке шықырудағы маңыздылығы, әлеуметтік қорғау мен қоршаған ортаны қорғауда жүзеге асырылып жатқан істер қаралған.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates