Бұл туралы БҰҰ-ның қарт адамдардың құқықтары бойынша тәуелсіз сарапшысы Звездан Пиртошек БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің 63-сессиясында өз есебін таныстыру барысында айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Оның айтуынша, қоғам әлі де қарттықты әлсіздік және тәуелсіздіктен айырылу тұрғысынан қабылдайды. Мұндай көзқарас қарт азаматтарға көрсетілетін қамқорлық деңгейінің төмендеуіне және олардың құқықтарының шектелуіне әкелуі мүмкін.

Сарапшының атап өтуінше, когнитивтік бұзылыстар адамның қадір-қасиетін, құқықтық субъектілігін немесе негізгі адам құқықтарын жоғалтқанын білдірмейді. Сөйлеу және ойлау барысында қиындықтар болғанына қарамастан, қарт адамдар өз құндылықтары мен әдеттерін сақтайды және өміріне әсер ететін шешімдер қабылдауға қатысуға құқылы.

Сондай-ақ , Пиртошек медициналық нақтама адамның  әрекет ету қабілетін шектеу үшін негіз болатын жағдайларға назар аударды.

Оның айтуынша, туыстары мен мамандардың міндеті – адамның орнына шешім қабылдау емес, оның өз қалауы мен еркін білдіруіне және мүмкіндігінше тәуелсіздігін сақтап қалуына жағдай жасау.

Сарапшының пікірінше, бұл бағытта мемлекеттердің рөлі ерекше болуы керек. Ол адамдардың жасы немесе медициналық диагнозы негізінде олардың құқықтарын бұзуға мүмкіндік беретін заңнаманы қайта қарауға, сондай-ақ ең алдымен адамның жеке қажеттіліктері мен қалауына бағытталған ұзақ мерзімді күтім жүйесін дамытуға шақырды.

БҰҰ медициналық және әлеуметтік көмектің тиімділігін бағалау кезінде тек клиникалық көрсеткіштерге ғана емес, сонымен қатар қарт адамның өз өміріне әсер ететін шешімдерге ықпал ету қабілетін сақтап қалған-қалмағанына да назар аудару қажет екенін атап өтті.

БҰҰ 2027-2036 жылдарды Халықаралық мәдениеттің онжылдығы деп жариялаған болатын.