БҰҰ комитетінің сессиясында Бала құқықтары туралы конвенцияның орындалуы туралы Өзбекстанның Бесінші мерзімді есебі қаралады

    Кеше Ташкентте Өзбекстан үкіметі делегациясының БҰҰ Бала құқықтары бойынша комитетінің 91-сессиясына қатысуға дайындық жасау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел сұхбаты өтті.

    Адам құқықтары бойынша Ұлттық орталықтың хабарлауынша, биыл 29 августан 23 сентябрь күндері аралығында БҰҰ-ның Бала құқықтары бойынша комитетінің 91-сессиясы өтеді. Сессия аясында 31 августан 1 сентябрь күндері Бала құқықтары туралы конвенцияның орындалу барысы туралы Өзбекстан Бесінші кезеңдік есебі қаралады.

    Осыған байланысты өткен дайындық шарасында Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Ұлттық орталығының директоры Акмал Саидов, ЮНИСЕФ-тің Өзбекстандағы өкілдігінің басшысы Мунир Мамедзаде, БҰҰ Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия аймақтық бөлімі басшысының орынбасары Фабио Пиана сөз сөйледі.

    Оқу-тренинг барысында халықаралық адам құқықтары жүйесі мен Бала құқықтары туралы конвенция рөлінің сипаттамасы, БҰҰ Комитеті мен қатысушы мемлекеттер арасындағы іс жүзіндік диалогтың мақсаты, ережелері мен тәртіптері, Бала құқықтары бойынша комитеттің қорытынды бақылаулары негізінде Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу болашақтары туралы делегация мүшелері мен жұмысшы топ өкілдері өзара пікір алмасты.

    Үкімет делегациясына Бала құқықтары туралы конвенцияның орындалуы туралы БҰҰ Комитеттің мүшелері қоюы мүмкін сұрақтары да талқыланды. Сонымен қатар елімізде балаларды кемсітпеу саласында мемлекет саясатының жүзеге асырылуы, неке мен отбасы, саясат және қоғам өмірі, білім беру және жұмыспен қамту, еңбек және денсаулық, әлеуметтік-экономикалық, сыртқы саясат және халықаралық ынтымақтастық сияқты көптеген салаларға талдау жасалды.

    Мәлімет үшін айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Өзбекстан тарапынан Бала құқығы туралы конвенцияның орындалуы туралы БҰҰ-ның Бала құқықтары бойынша комитетіне 4 кезеңдік есеп берген.

    БҰҰ-ның Бала құқықтары бойынша комитетінің 91-сессиясында Өзбекстанмен қатар Боливия, Вьетнам, Германия, Кувейт және Солтүстік Македония елдерінің есептері де қаралады.

    БҰҰ Комитетінің алдағы сессиясының негізгі мақсаты – Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуде қол жеткізілген нәтижелерді талқылау. Сессия соңында БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті мерзімді баяндаманы қарау нәтижелері бойынша өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ұсынады, деп хабарлайды «Дуне» АА.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates