БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша Өзбекстан 2015-2022 жылдарда қандай нәтижелерге қол жеткізді?

    Макроэкономикалық және аумақтық зерттеулер институтының мамандары БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша Өзбекстан 2015-2022 жылдары қандай нәтижелерге қол жеткізгені талданды.

    Өзбекстан Тұрақты даму бойынша ұлттық мақсаттарға қол жеткізуде жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін атап өткен жөн. 2023 жылы БҰҰ тарапынан жариялаған Тұрақты даму мақсаттарының мемлекетаралық рейтингінде (SDG) Өзбекстан өз рейтингін 8 орынға шығарып, 166 елдің арасында 69-орынға (2022 жылы 77 орын) ие болуы осы пікірді растайды.

    SDG Index есебіне сәйкес, Өзбекстанда 16 мақсаттың 11-і бойынша тұрақты даму көрсеткіштерінің оң өсімі байқалды. Бұлар: кедейшілікті азайту (1-мақсат), азық-түлік қауіпсіздігі және тамақтану (2-мақсат), денсаулық және әл-ауқат (3-мақсат), гендерлік теңдік (5-мақсат), сапалы білім (4-мақсат), таза су және санитария (6-мақсат), индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым (9 мақсат), қалалар мен елді мекендердің тұрақты дамуы (11 мақсат), климаттың өзгеруімен күрес (13 мақсат), тыныштық, әділдік және күшті институттар (16 мақсат).

    Өзбекстанның 2023 жылға дейiнгi Тұрақты даму бойынша ұлттық мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру жөнiндегi бiрiншi (2022) және екiншi (2023) Еркін ұлттық есептері БҰҰ тарапынан оң бағаланды.

    Ендеше, 1-мақсат, яғни Өзбекстандағы кедейшілікті айтарлықтай деңгейде төмендетуге бағытталған іс-шаралар мен олардың нәтижелерін көріп шығамыз. Ең алдымен, осы мақсатты жүзеге асыру үшін кедейшілікке қарсы күресудің қажетті заңдылық, институционалдық және экономикалық механизмдері қалыптастырылды. Төменде 1-мақсат бойынша Өзбекстанның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің кейбір нәтижелері келтірілген:

    – Осы мақсат аясында 2015-2022 жылдары ұлттық өлшем бойынша кедейшілік деңгейі 30,4 пайыздан 14,1 пайызға, яғни 2 есеге төмендеді.

    – Осы кезеңде әлеуметтік жәрдемақы алатын халықты қамту 0,8 пайыздан 1,7 пайызға өсті.

    – Қазірде Өзбекстан халықаралық кедейшілік шекарасы бойынша көзделген мақсатқа қол жеткізген және бұл көрсеткіш күніне 2,15 долларды құрайды. Сондай-ақ бұл көрсеткіш 19,74 пайыздан шамамен 7,4 пайызға дейін төмендеді.

    – Жасы бойынша зейнетақы алатын халықтың үлесі 7,2%-дан 8,7%-ға өсті.

    – 2023 жылғы ұлттық есепке орай, осы кезеңде шағын баспанада тұратын халықтың үлесі 43,1 пайыздан 86,5 пайызға дейін өсті.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates