баннер
25 Apr 2025
13:02

    БҰҰ-ның Орта Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығымен ынтымақтастық кеңейтіледі

    Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орта Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысы Каха Имнадземен кездесті.

    Онда Өзбекстанның БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелері, соның ішінде Орта Азиядағы превинтивті дипломатия жөніндегі аймақтық орталығы арасындағы ынтымақтастығының бүгінгі жағдайы мен болашақ жоспарлары қаралды.

    Диалог барысында аймақ елдері арасында жақын көршілік қарым-қатынасты, экономикалық өсуді, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды дәйекті түрде жалғастыру жөнінде пікір алмасылды.

    Сонымен қатар диалог кезінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мен жастардың әлеуетін жүзеге асыруға, сондай-ақ білімге қатысты мәселелерге де баса назар аударылды.

    Осыған орай, пәрменді парламенттік бақылау арқылы бірлесіп мақсатты бағдарламалар әзірлеу және жүзеге асыруға келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech