БҰҰ-ның Орталық Азияда Превентивтік дипломатия бойынша аймақтық орталықпен ынтымақтастық нығая түседі

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия бойынша аумақтық орталығының басшысы Каха Имнадзені қабылдады.

    Өзбекстанның БҰҰ және оның мамандандырылған кеңселері, сонымен қатар Орталық Азия үшін превентивтік дипломатиясы бойынша аймақтық орталығы арасындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы талқыланып, алдағы уақытта бірлесіп жүзеге асыру жоспарлары қаралды.

    Айта кету керек, Орталықпен ынтымақтастық тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмге қарсы күрес, тыныштықты нығайтуда әйелдер мен жастардың әлеуетін пайдалану, наразылықтардың алдын алу және шешу, сондай-ақ трансшекаралық су және энергетика ресурстарын бірлесіп, ұтымды пайдалану сияқты мәселелерді қамтиды.

    Кездесуде Өзбекстан БҰҰ аясында халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдап-қуатталғаны, тұрақтылық пен тұрақты өркендеуді қамтамасыз етуге және адам құқықтарын қорғауға іс жүзіндік үлес қосып жатқан бастамаларды алға тартып жатқаны баса айтылды.

    Аймақтық дәрежедегі диалог пен ынтымақтастық үшін түрлі платформалар, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің жетекші әйелдерінің диалогы бар болғаны 3 жылдың ішінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша өзекті ұсыныстарды әзірлеудің маңызды бағытына айналғаны, мұнда Орталықтың белсенді қатысқаны атап өтілді.

    Осы тұрғыдан алғанда, Диалог аясындағы жаңа тиімді іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Ташкент қаласында тұрақты жұмыс істейтін Диалог хатшылығын ашу мәселесін қарастыру ұсынысы алға тартылды.

    Сондай-ақ, диалог барысында еліміз халқының жартысын құрайтын жастардың әлеуетін жүзеге асыруға байланысты мәселелерге де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Сенат жанындағы Жастар парламенті мүшелерінің превентивтік дипломатияның заманалық әдістері мен құралдары туралы білімін арттыру бойынша Орталықпен осы салада тиімді ынтымақтастық орнату жөнінде пікір алмасылды.

    Каха Имнадзе Орталық Азия аймағындағы елдердің өзара қарым-қатынастары тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге барлық тұрғыдан өсуін қамтамасыз етуге қызмет ететінін және бұған Өзбекстанның қосқан үлесі ерекше екенін атап өтті.

    Кездесу соңында аймақтық жағдайлар қатарында өзекті мәселелер туралы тығыз және конструктивтік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates