БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілдерімен кездесу өтті

    Олий Мажлис Сенаты Жастар, мәдениет және спорт комитеті төрағасының орынбасары Д.Ташмухамедова БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) денсаулық сақтау жөніндегі аймақтық кеңесшісі Милос Стожановиспен, сондай-ақ Профилактика, емдеу және оңалту бөлімінің «UNODC PTRS» бағдарламасының басшысы Вадих Маалуфпен кездесті.

    Сұхбат барысында Өзбекстанда есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымының халықтың денсаулығына және еліміздің генофондына кері әсерін жою мақсатында жүргізіліп жатқан реформаларға тоқталды.

    Атап айтқанда, кездесуде Д.Ташмухамедова жастар мен балалар арасында есірткі және психотроптық заттарды тұтынудың алдын алу, олардың психикалық денсаулығын нығайту мәселелері бойынша Сенат қабылдаған заңдар мен бақылау-талдау қызметінің нәтижелері туралы ақпар берді.

    Милос Стожановис пен Вадих Маалуф келешегі зор жобалар, ынтымақтастықтың жаңа бағыттары, есірткі заттарын тұтынудың алдын алу, нашақорлықты азайту, ауруларды емдеу және кеселдікті жою бойынша Өзбекстанмен көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту саласында атқарылатын жұмыстар туралы айтты.

    Кездесуде Республикалық психологиялық-педагогикалық диагностика орталығы, Республикалық мамандандырылған наркологиялық ғылыми-тәжірибелік медициналық орталық, ЖИТС-ке қарсы күрес республикалық орталығының жауапты мамандарының пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

    Талқылау соңында Олий Мажлис Сенаты мен «UNODC» ұйымы бірлескен халықаралық шаралар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлар туралы пікір алмасты, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates