Кеден органдары қызметінің тиімділігі артады

    Өзбекстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кеден қызметі органдары қызметіннің тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралары туралы» (ПФ-57-санды, 25.03.2025 ж.) Жарлығы қабылданды.

    Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік кеден қызметі органдары қызметінің тиімділігін арттырудың негізгі мақсатты көрсеткіштері төмендегілер белгіленді:

    • 2030 жылға қарай Дүниежүзілік банктің Логистика тиімділігі индексінде (LPI) кедендік ресмилендіру тиімділігінің көрсеткіші бойынша Өзбекстан Республикасының орны 55-ші орыннан жоғары деңгейге көтеру;
    • 2026 жылға дейін кеден декларациясын адам факторынсыз ресмилендіру үлесін 2 есеге арттыру;
    • 2028 жылға дейін кедендік тексеруін 21 пайыздан 15 пайызға дейін төмендету;
    • 2030 жылға дейін жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, қауіп-қатерді басқару жүйесінің тиімділігін 2 есеге арттыру.

    Сыртқы экономикалық қызметте мынадай қолайлылықтар жасалады:

    2025 жылғы 1 июлінен бастап:

    • ветеринария және фитосанитария саласында сыртқы сауда жүктеріне қатысты кез келген құжаттарға мөр мен штамп қою және оларды жазбаша түрде тіркеуге алу тәжірибесі жойылады, барлық рәсімдер осы құжаттарды электронды түрде растау арқылы жүзеге асырылады (тауарларды экспорттау туралы халықаралық келісімшарттарда қатаң белгіленген жағдайлар бұдан тыс).

    2025 жылғы 1 сентябрьден бастап:

    • кәсiпкерлiк субъектiлерiне кеден төлемдері мен кеден ресімдеу үшін басқа түрдегі төлемдерді республиканың кез келген аймағынан жүзеге асыруға мүмкiндiк берiледi, ол үшiн бiрыңғай қазынашылық есепшоты ашылады.

    2025 жылдың 1 декабрінен бастап:

    • кеден аумағында немеме аумақтан тыс қайта өңдеу режимдерінде кеден жүк декларацияларын жеңілдетілген тәртіпте ресмилендіру мүмкіндігін беретін «Толлингтік операциялары» модулі енгізіледі.

    2025 жылғы 1 ноябрінен бастап:

    • өткізу пункттері арқылы жолаушыларға қолайлылық жарату мақсатын,да жолаушы кедендік декларациясының мобильді қосымшасы қолданысқа енгізіледі.
    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates