Бұл туралы Кеден комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетілгендей, Өзбекстан–Қазақстан мемлекеттік шекарасында орналасқан Қазақстан Республикасының “Atameken” шекара кеден бекетінде құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, үш жыл үзілістен соң бекеттің қызметі қайта қалпына келтірілді.
Енді азаматтар үшін шекарадан өту үдерістері жеңілдетіліп, ыңғайлы әрі жедел қозғалу мүмкіндігі жасалды.
Сонымен қатар, жауапты органдар азаматтардан шекара кеден бекеті арқылы қозғалған кезде белгіленген тәртіп пен ережелерді қатаң сақтауды сұрайды.