Балаларды зиянды ақпараттан қорғауға байланысты қызмет іске қосылды

    Цифрландыру 10 Iyun 2022 1829

    Министрлер Кабинетінің 2022 жылғы 8 июліндегі 317-санды қаулысы негізінде my.gov.uz порталында «Балалардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттан қорғау бойынша сарапшыларды аккредитациялау» қызметі іске қосылды.

    Енді балалардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы сарапшылар аккредитациядан өту үшін электронды түрде өтініш беру мүмкіндігіне ие болды.

    Үміткерлер жоғары білімге, педагогикаға, жасқа сай психология мен физиологияға, балалар психиатриясы салаларында білімге (диплом немесе сертификатқа) ие болуы қажет.

    Қызметтен пайдалануда ақы алынбайды.

    Сарапшыларды аккредитациялауды Өзбекстан Республикасы Президентінің құзырындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі жүзеге асырады.

    Аккредитациядан нәтижелі өткен сарапшыларға сертификаттар беріледі.

    Сертификаттың жарамдылық мерзімі – 5 жыл.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates