Тараптар Өзбекстан мен Болгария арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өзара туристер ағынын арттыру, осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілері арасында қарым-қатынас орнатуға көмектесу, екі ел арасында тікелей әуе қатынауын орнату жөнінде келіссөздер жүргізді.
Болгария тарапына Өзбекстанның туризм саласында жүзеге асырылып жатқан реформалар, туристік инвестициялық жобалар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері үшін жасалған қолайлы жағдайлар мен инвесторлар үшін қарастырылған жеңілдіктер туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында, Өзбекстан және Болгария Республикаларындағы туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерін тарта отырып,Ташкент қаласында ағымдағы жылдың апрель айында B&G, B2B форматында кездесулер ұйымдастыру, еліміздің туристік әлеуетін кеңінен насихаттауға бағытталған мәліметтерді Болгария бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша алғашқы келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.