Бұл туралы «Узбекнефтгаз» ақпарат қызметі хабарлады.

Хабарда айтылуынша, "Узбекнефтгаз" АҚ-да Премьер-Министрдің орынбасары – Экономика және қаржы министрі Жамшид Қочқаровтың қатысуымен өткен жиында Басқару төрағасы лауазымына бекітілген Абдуғани Сангинов ұжымға ресми түрде таныстырылды және саладағы өзекті мәселелер жан-жақты талғыланды.

Жиында Мемлекет басшысы тарапынан саланы жан-жақты дамыту, оны жаңа деңгейге көтеру үшін жасалған жағдай мен мүмкіндіктерге қарамастан, күтілетін нәтижеге жете алмай отырғаны сынға алынды.

Осы жағдайларды жою үшін ең алдымен геологиялық-барлау мен қазба жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру, әрбір бағыттың қызметін нық әрі тиімді шараларға сүйене отырып, қайта қарау қажет екені баса айтылды.

Сонымен қатар, компанияның структурасын халықаралық стандарттар негізінде енгізу, басқарудың жаңа тәсілдерін қолдану, стратегиялық жобаларды практикалық нәтижеге бағыттау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Шетелдік серіктестермен қарым-қатынас форматын талдау, қолда бар қаржы ресурстарын тиімді пайдалану қажет екені айтылды.

Жиналыста жаңа басшы табанды, сеніммен берілген әрбір іске жауапкершілікпен қарайтындығы, жұмыста ең алдымен тәртіпке сүйеніп, міндеттерін адал атқаратындығы ерекше атап өтілді.

Абдуғани Сангинов қысқа мерзімде Қоғамды трансформациялау бойынша жаңа Стратегияны қабылдау және ұжыммен ынтымақтаса отырып, газ өндірісін тұрақтандыруі сондай-ақ салада жүйелі нәтижелерге қол жеткізетіні айтылды.

Президенттің тапсырмасымен саладағы басқаруды одан әрі нығайту мақсатында Экономика және қаржы министрінің мұнай және газ істері жөніндегі орынбасары лауазымы енгізілгені атап өтіліп, бұл шешім саладағы жүйелі реформаларды жүзеге асыруда маңызы зор екені баса айтылды.