Баяутта «Денсаулық сейілдері » акциясы өтті

    Денсаулық 4 Aprel 2023 1496

    Сырдария облысы Баяут ауданында Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен «Денсаулық сейілдері» акциясы өтті.

    Баяут аудандық медициналық бірлестігінің Көптармақты орталық емханасында өткен «Денсаулық сейілдері» айлығы аясында медициналық тексеру және сауықтыру шарасы ұйымдастырылды.

    Медициналық тексеру үдерістеріне аудан аумағында тұратын, бірақ денсаулығында проблемасы бар балалар, әйелдер мен ересектердің 1 690 тұрғын өкілдері қатысып, олар денсаулықтарына байланысты проблемаларын Республикалық мамандандырылған медициналық орталықтарының және облыстағы емдеу профилактикалық мекемелердің түрлі санаттағы мамандарынан жауап алды.

    Тереңдетілген медициналық тексеру барысында 1488 азаматтың 941-інде түрлі аурулар анықталып, 880 азаматқа амбулаторлық , ал 49 азаматқа аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі емдеу профилактикалық мекемелеріне стационарлық емделуге кеңестер мен ұсыныстар берілді, ал 12 азаматтың денсаулығында күрделі проблемалары анықталып, оны технологиялық хирургия арқылы жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.

    Сонымен қатар, жергілікті және үй-үйді аралап медициналық тексерулер жүргізу ұйымдастырылып, сырқаттан төсек тартып жатқан науқастар мен олардың көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселелеріне шешім іздеді.

    Маданият махалласында тұратын, қант диабетінің 2-типті полиатрит пен бір қанша аурулар себеп өз үйінде төсек тартып жатқан 45 жастағы Шайра Мамаюсупованың денсаулық жағдайы Республикалық мамандандырылған фтизиатрия және пульмонология ғылыми-практикалық орталығының басшысы, профессор Наргиза Парпиева басшылығындағы республикалық мамандандырылған медициналық және облыстық емдеу профилактика мекемесінің білікті және жетекші мамандары тарапынан үйреніліп, оған қосымша емдік шаралар тағайындалып, дәрі-дәрмек пен шығын материалдары тегін берілді.

    Ғаллакор су тұтынушылар ұйымы аумағындағы «Гулбоғ» махалласында тұратын 36 жастағы Каромат Рахматова тірек қозғалыс жүйесіне байланысты мәселемен жүгінген.

    Бірнеше тексеруден кейін, оған коронавирустық инфекцияның асқынуы, тірек-қимыл мүшесі пішіні мен қызметінің бұзылуы, яғни ірі буындардың артрозы деген диагноз қойылып, оған жоғары технологиялық ота жасалуы, бұл отаны мемлекеттік медициналық сақтандыру қорының қаржысы есебінен жүзеге асырылуы бойынша ұсыныс пен кеңес берілді.

    Баяута «Денсаулық сейілдері» аясында ұйымдастырылған медициналық тексеру шаралары барысында денсаулығында проблемасы бар азаматтар облыс орталығы мен астанаға бармай-ақ, өзінің тұрғылықты жері бойынша білікті де жетекші мамандардан жауап алуға мүмкіндік алды.

    Міне, тағы бір жаңалық, қосымша аурулары анықталған науқастарға дәрігерлердің нұсқауымен «Соғлом авлод учун» халықаралық қайырымдылық қоры көзілдірік пен 12 түрлі дәрі-дәрмек тегін таратты.

    Сырдария аудандық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates