Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрығына сәйкес, қазіргі уақытта медициналық көмектің кепілденген көлемінің тізіміне отбасылық дәрігерлік пункттері, отбасылық емханалар, көп салалы орталық емханалардағы 28 диагностикалық тексеру, 22 зертханалық зерттеу, 138 түрдегі дәрі-дәрмек, 57 медициналық бұйымдар, ең көп кездесетін 110 нақтама, сондай-ақ аудандық (қала) орталықтандырылған емханаларда 28 диагностикалық тексеру, 46 зертхана нақтамасы, 235 түрдегі дәрі-дәрмектер қамтылып, мемлекет есебінен тегін беріледі.
Сондай-ақ жаңа заң жобасымен «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде халыққа тегін көрсетілетін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемдерінен тыс, қосымша қызметтер болып саналатын медициналық көмектің түрлерін белгілеуді көздейтін өзгерістер мен қосымшалар енгізілуде.
Яғни, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде халыққа мемлекет тарапынан кепілденген тегін медициналық көмек пакетіне кірмейтін қосымша қызметтерді реттеуді көздейді.
Аталған заң жобасына сәйкес, кепілдендірілген көлемге енгізілген медициналық қызметтерді мемлекет есебінен немесе тегін алу үшін науқас белгіленген мерзімдерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде тиісті медициналық тексерулерден өтуі, отбасылық дәрігерге немесе медициналық бригадаға жүгіну талап етіледі. Бұған жедел және шұғыл медициналық көмек кірмейді.
Науқастың тар саладағы дәрігерге барып емделуі үшін отбасылық дәрігер тарапынан жолдама берілген соң кепілденген көлем аясында медициналық көмектер тегін көрсетіледі.
Бұл ретте, отбасылық дәрігер емдеу және нақтама қою стандарттарына сәйкес тар саладағы дәрігерлерге, қажет болған жағдайда емханаларға электронды жолдама береді және науқас осы жолдама негізінде тар саладағы дәрігердің қарауынан өтеді және (немесе) оның ұсынуы бойынша емханаға жатқызылады. Осы ережені сақтамаған жағдайда медициналық қызметтер ақылы негізде көрсетіледі.
Осылайша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде медициналық көмектің кепілденген көлемінен асатын медициналық және басқа қызметтерді көрсету қосымша қызметтер болып табылады және ақылы негізде жүзеге асырылады.
Мұндай отбасылық дәрігердің немесе медициналық бригаданың жолдамасыз жүгінген азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек қосымша қызмет (жедел және шұғыл медициналық көмекті қоспағанда) болып есептелетіні белгіленуде.
Бір сөзбен айтқанда, заңнамаға енгізілген бұл жаңалық мемлекеттік медициналық сақтандыру механизмдері тиімділігін арттыруға, алғашқы медициналық-мекемелерінде жаұялық дәрігерлер немесе медициналық бригадалар халыққа кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерді тегін және сапалы көрсетуіне қажетті жағдай жасайды.