ТДМ-ға қол жеткізуде парламентаралық ынтымақтастық бойынша ІІ жаһандық форумға Үндістан делегациясы қатысады

    Ағымдағы жылдың 16 ноябрінде Сенаттың Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар мен туризм мәселелері комитетінде тұрақты негізде жұмыс істейтін сенатор Анвар Туйчиев Үндістанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маниш Прабхатпен кездесті.

    Диалог барысында тараптар осы жылдың 30 ноябрінде Ташкентте өтетін Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде парламентаралық ынтымақтастық бойынша ІІ жаһандық форумға Үндістан делегациясының қатысуы туралы пікір алмасты.

    Кездесуде Өзбекстан мен Үндістан арасындағы парламентаралық байланыстар нығайып келе жатқаны, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде парламенттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажет екендігі, ұлттық мақсат пен міндеттерге қол жеткізуде Үндістан парламенті де мүдделі екендігі баса айтылды.

    Диалог барысында өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер талқыланды.

    Кездесу соңында тараптар тығыз байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға келісті, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда алғаш рет Тұрақты даму мақсаттары айлығы және сол күндері 16-ты ұлттық мақсатты талқылауға арналған бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр. Тұрақты даму мақсаттарының айлығы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі ІІ жаһандық форуммен аяқталады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates