Шараға “BSEC URTA” Президенті Эдуарт Каса, ұйымның Бас хатшысы Мехмет Уйлукчу, Халықаралық автомобиль көлігі одағының (IRU) Президенті Раду Динеску, IRU Бас хатшысы Умберто де Претто, TDT Бас хатшысының орынбасары Мирвохид Азимов, Өбекстан Республикасы Транспорт министрініңбірінші орынбасары Маманбий Омаров, Өзбекстан Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар бірлестігінің (AIRCUZ) Төрағасы Санжар Пулатов және ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Бас Ассамблеяға қатысушылары аумақта автомобиль көлігінде жүк тасымалдауды дамыту, шекарадан өту тәртіп-ережелерін үйлестіру және жеңілдету, халықаралық ұйымдармен және мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастық орнатуға қатысты маңызды мәселелерді қарастырылды.
Сондай-ақ, мәжілісте Қара теңіз Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары қаралып, «BSEC URTA» Бас Ассамблеясының 44-жиналысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданды, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.