Алдағы күндері Өзбекстанның барлық аумағында өте ыстық ауа райы сақталады, күндіз ауа температурасы +40...+43 градус шамасында, оңтүстікте кей жерлерде +44...+45 градусқа дейін болады.
Жұмыс аптасының екінші жартысында ауа температурасы айтарлықтай дәрежеде төмендейді. Ауа температурасы күндіз +38...+41 градус шамасында, оңтүстіктің кей жерлерінде +42...+43 градусқа дейін барады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде негізінен +23...+28 градус болады.
Бұл күндері Өзбекстанның барлық облыстарында жауын-шашын күтілмейді. Республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 13-18 м/с күшейіп, шаң-тозаң көтеріледі.
Ташкентте негізінен көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Жел орташа жылдамдықта соғады. Ауа температурасы түнде +23...+26, күндіз +21...+23, 23 июль +40...+42, 24-25 июль +38...+40 градус ыстық болады.