Медицина ғылымының атасы Әбу Әли Ибн Синаның 1044 жылдығына арналған Осы конференцияға Ресей және Өзбекстандағы медициналық университеттерінің, ғылыми-зерттеу және шығыстану институттарының ғалымдары, Республиканың Мемлекеттік медициналық кітапханасының және барлық медициналық жоғары оқу орындарының қызметкерлері қатысты.
—Конференцияның бірінші күні медицина ғылымының сұлтаны Әбу Әли ибн Синаның өмір жолы туралы мақалаларға шолу жасалып, қатысушыларға жалпы мағлұматтар берілді, — дейді Бұхара Мемлекеттік медицина институтының АПМ директоры Дилшода Алиева. – Конференцияның басты мақсаты – атамыздың медицина ғылымына қатысты әдебиеттерін бүгінгі жастарға жеткізіп, ғылымын одан әрі дамыту. Бұхара – Ибн-Синаның туған жері саналады, біздің институтқа Әбу Әли ибн Сина деген атау бекерден бекер қойылмаған. Өйткені біз Ибн Сина еліненміз. Бұл елден кемел дәрігерлер мен кемел ғалымдар өсіп шықты. Біздің жас шәкірттеріміз ұлы бабамыздың жолын қуып, жетік дәрігер болады деп сенеміз.
Институттың АРМ ұжымы ұйымдастырған бұл конференцияға Ташкент медицина академиясының баспасөз қызметі жанындағы «Доктор Репортер Дебат» жастар клубы жобасы мен Әндіжан және Бұхара Мемлекеттік медицина институттарының «Доктор Репортерлары» Бабамыздың мұрасы туралы мақалаларымен қатысты.
Сондай-ақ конференция барысында институттың кітапхана қорын жаңа әдебиеттермен байыту, Ибн-Сина мұрасын өскелең ұрпаққа үйрету жөнінде ұсыныстар тыңдалды.
Бұл мақаланы Бұхарадағы конференцияға Ташкент медицина академиясының студенті Муштарийбану дайындады.