Шараға Ұлыбритания парламентінің, министрліктер мен кеңселердің, зерттеу және талдау орталықтарының, жоғары оқу орындарының, іскер топтардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен отандастарымыз қатысты.
Ашылу салтанатында еліміздің елшісі Равшан Усманов шетелдік тарапты өткен жылы елімізде жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданған жаңа редакциядағы Конституция, оның Жаңа Өзбекстан реформалары аясындағы маңыздылығымен, және еліміздің Ата Заңында белгіленген бейбітшілік пен даму қағидаттарын таныстырды.
Сондай-ақ, Конституция елімізде құқықтық демократиялық мемлекет, қуатты азаматтық қоғам, еркін базар қатынастары мен жеке меншік басымдыққа негізделген экономиканы құру, халқымыздың бейбіт, абат және әлауқатты өмір сүруінің берік іргетасы болып табылатыны және Өзбекстанның халықаралық аренадағы лайықты орын иелеуі айтылды.
Баронесса Уддин, Британия парламенті Лордтар палатасының мүшесі, Өзбекстанда болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді оң бағалап, Лондонды Ташкентпен барлық салаларда байланыстарын кеңейтуде мүделі екенін мәлімдеді. Жаңаланған Өзбекстан Конституциясының елдің көп ұлтты халқы, реформалары мен дамуы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.
Ағымдағы жылдың октябрь айында жаңартылған Конституция негізінде Олий Мажлис пен жергілікті кеңестерге болып өткен сайлауларда халықаралық бақылаушы ретінде қатысуы барысында осы маңызды саяси шаралардың ашықтық және бәсекелестік түрде өткендігі Ата Заңды өмірге енгізу жолында бірінші рет маңызды қадам болғанын білдірді.
Шараның мәдени бөлімінде Өзбекстаннан барған «Бунёд» ансамблінің орындауындағы күйлер мен әндер жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды «Дунё» АА.