Былғары аяқ киім өнімдеріміз Орталық және Оңтүстік Азия базарларын жаулап алуда

    Бизнес 16 Mart 2023 1156

    Қазақстанның Алматы қаласында өткен «Central Asia Fashion» халықаралық көрмесінде «Узчармсаноат» бірлестігіне мүше кәсіпорындар бірқатар тиімді келісімдерге қол жеткізді.

    Айына 200 мың шаршы метр жартылай былғары өнімдері Үндістан базарына жеткізіп беріледі. «Ulkan Laziz» ЖШҚ тарпынан қол жеткізген бұл экспорттық келісімшарт келесі айдан күшіне енеді. Енді елімізде өндірілетін жартылай және дайын былғары өнімдері Оңтүстік Азия базарларына жеткізіп беруі басталды.

    Сондай-ақ, жергілікті кәсіпорын Қазақстанның Атырау облысындағы компаниялармен 3 миллион долларлық экспорттық келісімшартқа қол қойды. 5 жылға молжалданған осы экспорттық келісім барсында кәсіпорын Атырау облысына арнайы аяқ киім, дайын былғары және аяқ киім өнімдерін жеткізетін болады.

    Ташкент облысындағы «Leather Apparels» кәсіпорны ресейлік дистрибьюторлармен 400 дана былғары киімдерді сатып алу бойынша келісімге келді. Кәсіпорын март айының соңынан бастап өнімді жеткізе бастайды.

    Әндіжандағы KFК кәсіпорны Қазақстан жеңіл өнеркәсіп бірлестігімен 3 миллион долларлық келісімшартқа ие болды. Осы келісім негізінде біздің жергілікті кәсіпорын Қазақстан базарына балалар мен ерлер аяқ киімдерін жеткізуді бастайды.

    Сондай-ақ, «Узчармсаноат» кәсіподақ делегациясы Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп бірлестігінде болып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөнінде келіссөздер жүргізді. Кездесуде былғары аяқ киім және елтірі саласында Өзбекстанның тәжірибесін үйрену, жаңа біріккен жобаларды жүзеге асыру туралы пікір бөлісті. Ағымдағы жылдың май айында Қазақстан кәсіпорындары үшін елімізге бизнес-тур ұйымдастыруға келісілді.

    Сондай-ақ, 5-7 апрель күндері Ташкентте өтетін «UzCharmExpoShoesEurAsia-2023» 14- халықаралық көрмесінде екі мемлекеттік кәсіпорын арасындағы кооперацияны дамыту бойынша келіссөздер өткізу жоспарланған, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates