Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі тарапынан Дарынды жастарды қолдап-қуаттау «Ұлықбек» қорымен бірлесіп ұйымдастырылған «Мирзо Ұлықбек» онлайн мектебінің ашылу салтанаты өтті.
Онлайн мектеп аясында қазірде тест-сынақ ретінде таулы және шалғай аймақтардағы 3 мектеп таңдалды. Бұл – Жызақ облысы, Фарыш ауданындағы 7-мектеп, Самарқанд облысының Қошрабод ауданындағы 70-мектеп, Сұрхандария облысының Денов ауданындағы 62-мектептер.
Бұл мектепте жоғары сынып оқушылары білікті ұстаздардан математика және ағылшын тілі бойынша қосымша білім алады, деп хабарлайды Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі.