Қоқыстардың пайда болуының алдын алу, қайта өңдеу және пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар сыни талқыланды

    Жасыл планета 13 Oktabr 2022 3121

    Өзбекстан Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) қабылдаған және ондағы 16 мақсатта белгіленген міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге жауапты екені белгілі. Осыған байланысты жалпыұлттық мақсаттар мен міндеттер аясындағы жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тиімді парламенттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында Олий Мажлис палаталары басшыларының басшылығымен Парламенттік комиссия құрылды.

    Бүгін, 13 октябрьде Парламенттік комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Оны Олий Мажлис Сенатының Төрайымы – Парламент комиссияның төрайымы Танзила Нарбаева жүргізді.

    Мәжілісте Тұрақты даму мақсаттары 12-мақсатының 5-міндеті, яғни қоқыстардың жиналуының алдын алу, қайта өңдеу және қайта пайдалану арқылы олардың көлемін 2030 жылға дейін екі есеге қысқарту бойынша Бұхара мен Ташкент облыстарында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

    Талқылау барысында қоқыстардың пайда болуының алдын алуға, қайта өңдеуге және қайта пайдалануға, салаға ұлттық және шетелдік инвестицияларды тартуға, бұл бағытта кәсіпкерлікті қолдап-қуаттауға, жалпы алғанда, аталмыш бағыттағы істерді кешенді түрде жүзеге асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-құқықтық негіздер жасалғаны және салаға қатысты 39 нормативтік-құқықтық құжат қабылданғаны атап өтілді.

    Атқарылған оңды істермен қатар, салада көптеген мәселелер мен кемшіліктердің әлі де бар екені айтылды.

    Парламент комиссиясының жұмысшы тобы жүргізген зерттеу нәтижесінде белгіленген жағдайлар, соның ішінде Бұхара мен Ташкент облысындағы қоқыстар мен осыған байланысты істерді жүзеге асыруға қатысты жергілікті бағдарлама жасалмаған және бекітілмеген.

    Бұхара облысында 20, ал Ташкент облысында 21 қайта шикізат қабылдау бекеттері заңсыз жұмыс істеп тұр.

    Сондай-ақ, Өзбекстан Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес Өзбекстан 2030 жылға дейін қоқыстардың жиналу көлемін екі есе қысқарту міндетін алған, бірақ қазірде халықтың жылдық өсу қарқынының болжамын ескерсек, 2030 жылға дейін қоқыстар көлемі екі есеге азаймайды, керісінше табиғи түрде екі есеге көбейеді деп күтілуде.

    Сенат Төрайымы осы факторларды ескере отырып, қоқыстарды қайта өңдеу және қайта пайдалану көлемін 4 есеге дейін арттыру қажеттігін баса айтты.

    Жиналыс барысында Экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитеті төрағасының, Ташкент және Бұхара облыстары әкімдерінің есебі тыңдалды. Сондай-ақ анықталған проблемалар мен кемшіліктерге қатысты тиісті министрліктер мен кеңселер өкілдерінің пікірлері тыңдалды.

    Мәжіліс соңында саладағы кемшіліктерді жоюға бағытталған кешенді шараларды қамтитын Парламенттік комиссияның тиісті қаулысы қабылданып, құзырлы органдарға белгілі міндеттер жүктелді.

    Атап айтқанда, қоқыстарға қатысты мәселелер бойынша заңға тиісті өзгерістер енгізу, қоқыстарды қайта өңдеумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер мен преференциялар белгілеу, келесі жылға арналған бюджетті қалыптастыру үдерісінде қоқыстардың пайда болуын жою шараларын ескере отырып, жаңа қоқыс полигондарын ашуды шектеу және осыған ұқсас маңызды мәселелерді шешу міндеттері белгіленді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates