Ташкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, бүгін, 3 июнь күні Ташкент қалалық әкімшілігі ғимаратында Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары – Штаб бастығы полковник С.Т. Зупаров пен Ташкент қаласының әкімі Ш.Б. Умурзақовтың қатысуында марқұм Абдуманноп Самиқовтың жанұя мүшелері мен Нурмухаммад Мамасалиевке мемлекеттік наградалар тапсырылды.
Сондай-ақ, бүгін, 3 июнь күні марқұм А.Самиқовтың жұбайына 50 миллион сум, Н.Мамасалиевке 25 миллион сум материалдық көмек берілді.
Үстіміздегі жылдың 5 май күні Ташкент қаласынан ағып өтетін Бөріжар каналында суға батып бара жатқан екі қызды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ержүрек, жерлесіміз Абдуманноп Самиқов пен осы қыздарды құтқаруда батылдық танытқан «Бөріжар» спорт кешенінің қызметкері Нурмухаммад Мамасалиевке Мемлекетіміз басшысы «Жасорат» медалімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.