Мал шаруашылығын дамытуға 100 миллион еуро бөлінді

    Агросектор 17 Yanvar 2022 2918

    2022 жылдың 13 январында Өзбекстан Республикасының Президенті «Франция даму агенттігінің қатысуымен «Мал шаруашылығы саласын тұрақты дамытуды қаржыландыру» жобасын жүзеге асыру іс-шаралары туралы» ПҚ-84-санды қаулысына қол қойды.

    2021 жылдың 28 июньда Өзбекстан Республикасы мен Францияның Даму Агенттігі (ФДА) арасында қол қойылған келісімге сәйкес, «Мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қаржыландыру» жобасын қаржыландыруға 100 миллион еуро көлемінде несие бөлу көзделген. Жобаны іске асыру мерзімі — 5 жыл (2022-2026 жылдар).

    Жобаның жалпы құны 147,07 миллион еуро эквивалентте болып, содан:

    - 100 миллион еуро – ФДА-ның қарызы;

    - 29,96 миллион еуро - жобаға қатысушылар (бенефициарлардың)

    үлесі;

    - 17,1 миллион еуро (соның ішінде салықтар мен кедендік төлемдер түрінде

    қаражаттар) – Өзбекстан Республикасының үлесі.

    Кеден кодексіне сәйкес Өзбекстан Республикасының халықаралық келісімшарттары бойынша халықаралық қаржы институттары мен шет мемлекеттердің қаржы ұйымдары тарапынан берілген қарыздар (несиелер)

    есебінен заңды тұлғалардың кедендік аумаққа келетін тауарлары кедендік баждардан босатылады.

    Белгіленгеніндей:

    - Жобаны жүзеге асыру аясында ФДА қарыз есебінен сатып алынған тауарларды (жұмыс, көрсетілетін қызметтерді) және арнайы транспорттарды алып кіруде (сатып алуға) ҚҚС-ты тауарларды (жұмыс, қызметтерді) әкелушілер (импорттаушылар, қызметтерді сатып алушылар) тарапы төлейді;

    - осы кеден бажы жеңілдіктері нәтижесінде босатылатын қаражаттар және тауарларды әкелушілер тарапынан төлеген қосылған құн салығының сомасы Өзбекстан Республикасының Жобаны жүзеге асырудағы үлесі деп саналады.

    Жоба бастапқыда Қарақалпақстан, Ташкент, Жызақ, Сырдария, Қашқадария, Самарқант және Бұхара облыстарында жүзеге асырылады. Жоба аясында қарастырылған іс-шаралар 50 пайыздан астам қаржыландырылған соң еліміздің барлық облыстарында жүзеге асырылатын болады.

    Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту мемлекеттік комитеті Жобаны уақтылы және толық іске асыруға, оны үйлестіруге және басқаруға, сондай-ақ Жобаны жүзеге асыру кезінде мониторинг және есеп беруге жауапты атқарушы орган болып табылады.

    Кредиттік желіні басқару, ФДА-ның қарыз және дер кезінде игерілуі мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ субжобаларды іске асыру бойынша мониторингі мен есеп беруді жүргізу функциялары Жобаға қатысушы коммерциялық банктерге жүктеледі.

    Несиелік келісім аясында туындаған барлық төлемдер Жобада қатысушы банктермен қайта несиелеу келісімдерге қол қойылғанға дейін Мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі және қайта несиелеу келісімдері қол қойылған соң Жобада қатысушы коммерциялық банктер тарапынан оларға бөлінген қаржылар көлемі теңдей Өзбекстан Республикасының бюджетіне қайтарылады.

    Төмендегілер бекітілді:

    «Мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қаржыландыру» жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері;

    - жоба аясында Франция Даму Агенттігінің қарызды өтеу, пайыз және комиссиялық төлемдерінің жүзеге асырылуының болжамды кестесі;

    - «Мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қаржыландыру» жобасын жүзеге асыру бойынша «Жол картасы».

    Құжат Заң құжаттары мәліметтері ұлттық базасында жарияланды және 14.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енді, деп хабарлайды "Norma".