COP-29: Өзбекстанда 2000 мегаватт-сағат электр қуатын сақтау жүйелері құрылады

    Бұл туралы Энергетика министрлігінің ақпарат қызметі хабарлады. Хабарда айтылғандай, Баку қаласында өткен кездесуде Энергетика министрлігі мен Сауд Арабиясының «ACWA Power» компаниясы арасында электр энергия қуатын сақтау жүйелерін құру туралы келісімшартқа қол қойылды.

    Бұл жоба республика бойлап жалпы қуаттылығы 2000 МВт/сағ болған сақтау жүйелерін құруды көздейді.

    Республикадағы бірыңғай болған энергетикалық жүйені нығайтуға бағытталған бұл жоба түрлі аумақтарға орналастыру істері жүргізілген соң, олардың нәтижесі бойынша электр энергиясын сақтау жүйелері кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ.

    Алдын ала есептеулер бойынша, жобаның жалпы құны 1,1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ құрылыс барысында 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

    Естеріңізге сала кетейік, бұл келісім БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелі конвенциясы Тараптар конференциясының 29-сессиясы (COP-29) аясында қол жеткізілді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates