Осы құжатқа сәйкес:
- мемлекеттік меншік нысандарын жалға беру үшін аукционға шығарылған кезде жалпы қағидалар бойынша жалға алу мерзімі үш жыл болып белгіленеді. Жалға алушы өз міндеттемелерін уақтылы және толық орындаған жағдайда жалдау мерзімі үш жылға ұзартылады;
-министрліктер мен кеңселердің, жергілікті мемлекеттік органдардың үш айдан астам пайдаланылмаған және бос тұрған нысандары (әлеуметтік нысандарды қоспағанда) олардың келісімінсіз жалға беру немесе сату үшін онлайн-аукцион саудаға қойылады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік активтерді басқару, трансформация және жекешелендіру қорының қаражысы төмендегідей бөлінеді:
- махалладағы жерді 25 мың шаршы/ метр болған мемлекеттік жылжымайтын мүлік нысандарын әкім көмекшілерінің онлайн-тапсырысы негізінде сатудан түсетін қаржылар тиісті махаллалардың Махалланың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу қорларына;
- жекешелендiру бағдарламаларына сәйкес, Қарақалпақстан Республикасында орналасқан мемлекеттiк активтердi сатудан түсетiн қаржылар Қарақалпақстан Республикасы Экономика және қаржы министрлiгi жанындағы сумен қамтамасыз ету және канализация жүйелерiн дамыту аумақтық қорына бағытталады, деп хабарлайды "Norma".
Құжат Заңдылық мәліметтер Ұлттық базасында жарияланған және 2023 жылғы 24 январьда күшіне енді.