Ереже мемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдарында бейбір санаттағы оқушыларды қосымша білім беруге тарту және білім беру шығындарының 80 пайызын Мемлекеттік бюджет есебінен жабу тәртібін белгілейді.
Кейбір санаттағы оқушылар Табысы аз отбасылар реестрідегі жанұялардың жалпы орта білім беру ұйымдарында оқитын балалары есептеледі.
Үйірмелерге оқушылар ерікті түрде тартылады.
Оқушылардың ата-аналары мен білім беру ұйымдары арасындағы келісім-шарттар жасау Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызметтер порталы (БИМҚП) (my.gov.uz) арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдары көрсететін қызметтер бойынша бір оқышыға әрбір үйірме үшін 1 айлық төлем төмендегі мөлшерден аспайды:
7-11 жас аралығындағы оқушыларға сабақтан тыс қосымша білім беру (ұзартылған күн топтары) үшін БЕМ-нің 1 еселенген;
12-18 жас аралығындағы оқушыларға жалпы білім беретін пәндері, 15-18 жас аралығындағы шет тілі бағытындағы үйірмелер үшін БЕМ-нің 2 еседен;
15-18 жас аралығындағы оқушыларға ақпараттық технологиялары, кәсіптік бағыттар бойынша үйірмелерге БЕМ 4 еседен.
Үйірме байқауының 80 пайызын Мемлекеттік бюджеттен, 20 пайызы оқушының ата-анасы төлейді.








