Осыған байланысты Президенттің «Мемлекеттік қызметті басқару тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы» (ПФ-243-санды, 06.12.2025 ж.) жарлығы қабылданды.

Мәлімет ретінде: Басқару тиімділігі агенттігі (Агенттік) Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігінің негізінде құрылған.

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылдың 1 январьдан бастап «Жаңа Өзбекстан көрінісіндегі аудан (қала)» мәртебесі бар 33 аудан (қала) әкімдіктерде тәжірибе-сынақ ретінде төмендегілер көзделген нәтижеге негізделген басқару жүйесі енгізіледі:

мемлекеттiк органдары қызметiнiң  мақсатты көрсеткіштері мен индикаторлары оларға қойылған міндеттер негізінде Агенттiк тарапынан қалыптастырады және Министрлер Кабинетi бекiтедi;

Агенттік:

нәтижеге негізделген басқару моделін әзірлейді және оны іске асыруды әдістемелік тұрғыдан үйлестіреді;

мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілгенін «samaradorlik.gov.uz» электронды платформасы арқылы бағалауды ұйымдастырады;

тиісті міндеттерді орындау және мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуде кадрлар әлеуетін дамытуға көмектеседі;

 мемлекеттік азаматтық қызметі лауазымдарын иелеу үшін байқауларда заманалық жанасу, қажетті жағдайларда, қосымша басқыштарды енгiзедi.

Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік органдардың міндеттері мен функциялары мынадай 5 деңгейге бөлінеді:

конституциялық және ұлттық деңгей;

республикалық атқарушы билік органдарының деңгейі;

аумақтық деңгей;

аудандық (қалалық) деңгейі;

махалла ( ауыл) азаматтар жиыны деңгейі.

2026 жылдың 1 январынан бастап «Жаңа Өзбекстан көрінісіндегі аудан (қала)» мәртебесі бар 33 ауданда (қалада) жұмыс істейтін мемлекеттік органдарда кадрларды ротациялау жүйесі енгізіледі. Мұнда:

республикалық атқарушы билік органдарының аудан (қала) бөлiмiнiң басшысы және аудан (қала) әкiмi мен оның орынбасарлары, әр 5 жылда, қағида ретінде Қарақалпақстан Республикасы, облыстар және Ташкент қаласы шеңберінде басқа ауданға (қалаға) ротацияланады;

ротацияланатын басшылар Агенттіктің «ҳрм.гов.уз» электронды платформасы арқылы анықталады;

басшы жаңа аймаққа өтуден алдын аймақтың экономикалық және әлеуметтік жағдайы бойынша интенсивті курстан оқытылады;

ротацияланған басшының қызметін Агенттік электронды платформа арқылы онлайн бақылайды.