2021 жылдың 11-12 маусымында Тәжікстанға жасалған жоғары деңгейдегі тарихи сапардың жемісті нәтижелері жоғары бағаланып, ол елдеріміз арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын нығайтып, оларды нақты мазмұнмен байытқаны сөз болды.
Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин Мемлекет басшысына Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның бауырластық сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесуде қабылданған «жол картасы» негізінде экономиканың түрлі салаларында басым жобалар мен мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламаларын ілгерілету мәселелері талқыланды.
Тараптар аймақтық маңызы бар өзекті мәселелерді - Ауғанстандағы ахуалды және Орталық Азия елдері басшыларының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиттеріне дайындықты талқылады.