Шараға Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев, Үндістан Республикасының Сауда және өнеркәсіп мемлекеттік министрі Ануприя Пател, тиісті министрлік, мекеме, салалық бірлестіктерінің басшылары, сондай-ақ  екі елдің іскер топтарының 50-ден астам өкілдері қатысты.

Форумның ашылу салтанатындағы сөйлеген сөзінде делегация басшылары Өзбекстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастар соңғы бес жылда сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Атап айтқанда, осы кезеңде екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 50 пайыздан артқан. Оң динамика жоғарылауды жалғастыруда. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өзара сауда 30 пайызға артып, 324,5 миллион доллардан асты.

Өзбекстанда кәсіпкерлік қызметін қолдап-қуаттау  және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігі атап өтілді. Сонымен қатар, 2017 жылдан бері Өзбекстанда жұмыс істейтін үнді капиталының қатысуымен кәсіпорындар саны 5 есеге артты. Тек 2021 жылдың өзінде жетпіске жуық кәсіпорын іске қосылып, олардың жалпы саны 357-ге жетті. Қазіргі таңда түрлі салаларда жалпы құны 3 миллиард доллардан асатын 80-нен астам біріккен жоба жүзеге асырылуда.

Шара барысында Өзбекстан тарапы ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша пайдаланылмаған ресурстарды жұмылдыру бойынша бастама көтерді. Ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге және жоғары сұранысқа ие азық-түлік өнімдерін өндіруге маманданған біріккен кәсіпорындар ашу арқылы агроөнеркәсіптік кооперация, IT секторы мен инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар енгізу, фармацевтикалық өнімдерді бірлесіп өндіру және оларды үшінші елдерге экспорттау, тоқымашылық өнеркәсібінде тығыз ынтымақтастық жасау, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіруге баса назар аударылды.

Бизнес-форум бағдарламасы аясында Өзбекстан экономикасының түрлі салаларындағы инвестициялық әлеуеттің тұсаукесерлері де өтті. Келіссөздердің «В2В» сессиясы іскер топтардың өзара қарым-қатынастарды кеңейтуге және бірлесіп жұмыс істеуге мүдделілігін анықтады, онда кәсіпкерлер мен инвесторлар бір-бірімен танысуға, мүдделердің тоғысқан жерлерін табуға және болашағы зор идеяларды талқылауға мүмкіндік болды.

Форум соңында жеке медициналық, фармацевтикалық, аяқ киім және былғары бұйымдарын өндіру салаларында, сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.