Депутаттар 2025 жылға арналған Мемлекеттік бюджет туралы заңды қабылдады

    Бүгін, 3 декабрь күні Олий Мажлистің Заң шығару палатасының кезектегі жиналысында маңызды қаржылық құжат – Мемлекеттік бюджетті қабылдау туралы құжат талқыланды.

    Атап өткендей, келесі жылға арналған Мемлекеттік бюджет туралы заң жобасының қаралуы өткен жылдарға қарағанда ерекше болды. Президенттің Олий Мажлис палаталарындағы сөйлеген сөздерінде стратегиялық бағыттар мен нақты міндеттер белгілеп бергені бюджет жобасының талқылауларын мазмұнды өткізуге және көтерілген мәселелердің мәніне тереңірек үңілуге ​​мүмкіндік берді.

    Комитеттер өткізген жиналыстар мен саяси партиялардың фракцияларындағы талқылаулар барысында депутаттар тарапынан 100-ден астам сұрақ, 10-нан астам консептуалды маңызға ие ұсыныстар берілгені соның дәлелі.

    Мәжілісте Мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік мақсатты қорлары бюджеттердің табыстары мен қаражаттары, жергілікті бюджеттер мен Мемлекеттік мақсатты қорларына қатысты жобада көзделген шаралар, оларды қаржыландыру көздеріне тиісті ақпараттар терең талдау жасалғанына ерекше назар аударылды.

    Жауапты комитет заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында жобаның тиісті баптарында көрсетілген нормалар Президенттің жарлығы мен қаулылары және Үкімет қаулыларымен үйлесімділігі және негізделгені зерделенді. Сондай-ақ «Өзбекстан – 2030» стратегиясында көзделген мақсаттар мен тапсырмаларды жүзеге асыруда 2025 жылға белгіленген іс-шараларды қаржыландыру мәселелері нақты кірітілді.

    Заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу барысында Есеп палатасының берген қорытындылары да депутаттардың назарында болды. Қорытынды бойынша депутаттар тарапынан айтылған пікірлер мен ескертпелерді ескере отырып, негізделген ұсыныстарды Салық және Бюджет кодекстерінде көрсету мәселесі пысықталды.

    Бұл ретте, комитеттер мен саяси партиялары фракцияларының жиналысында заң жобасында министрлік пен кеңселерге бөлінуі көзеген бюджет қаржылары, оларды пайдалану мен тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстар мен пікірлер талқыланды.

    Мәжілісте заң жобасын депутаттар қабылдап, Сенатқа жолдады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates