Президент Ташкент қаласындағы махалла тұрғындарының жағдайымен танысты

    Биылғы Наурыз Ташкент қаласының Яккасарай ауданындағы «Дилбұлақ» махалласына ерекше қуанышпен келді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде заманауи махалла кеңсесі салынды. Көпқабатты үйлердің дәліздері мен ішкі көшелері, жертөлелері жөнделді. Анхор өзені жағалауы ретке келтіріліп, көркейген саябаққа айналды. Көшеттер, жаяу жүргіншілер жолы махаллаға көрік сыйлады.

    Өткен жылы күзде «Жасыл кеңістік» ұлттық жобасы аясында 4 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылған еді. Осы күндері көпқабатты үйлердің алдындағы алқаптарға райхан, намазшамгүл сынды гүлдер егілді.

    «Дилбұлақ» махалласында 6700-ден астам адам тұрады. Махалла қызмет көрсету және өндіріске маманданған. Үш жүзге жуық сауда, өнеркәсіп, қызмет көрсету орындарында жергілікті жастар мен әйелдер еңбек етуде. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы, отбасылық емхана, мамандандырылған спорт мектебі, педагогикалық институттың филиалы жұмыс істейді.

    Мұнда «Қауіпсіз махалла» қағидаты бойынша 360 бейнебақылау қондырғысы орнатылып, олар махалла профилактика инспекторының қызметтік бөлмесіне қосылған.

    Өткен жылы 112 адам жұмысқа орналасса, 181 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Халықты кәсіпкерлікке тарту мақсатында 23 жобаға несие және он шақты азаматқа субсидия бөлінді. Атап айтқанда, мұнда тігін цехы, сұлулық салоны, полиграфия және компьютерлік қызмет көрсету, кітапхана, азық-түлік және кондитерлік цехтар ұйымдастырылған.

    Мемлекет басшысы осы кешендерді аралап көрді, махалла тұрғындарымен шынайы әңгіме-дүкен құрды.

    – Алдымен сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Мен сіздің махаллаңыздағы тазалықты, жұмыс орындарын және мерекелік көңіл-күйді көріп қуандым. Неліктен мен аймақтарда көп жүремін? Өйткені мен адамдарға сенемін. Біз барлық аудандарды осылай өзгертуге тырысуымыз керек. Елімізде 9450, Ташкентте 585 махалла бар. Қазір біз экономикалық кешен ұйымдарын солармен байланыстыратын жүйе құрып жатырмыз. Біздің мақсатымыз - әр үйге, әрбір адамға жету. Баршамызға халықтың ықыласына бөлену, дұғасына лайықты болу нәсіп етісін, - деді Президент.

    Осыған байланысты мақсатты шаралар «махалла жетілігі» және жауапты тұлғалармен диалогта талқыланды.

    – Өздеріңіз білесіздер, біз экономикалық кешен ұйымдарын махаллаларға біріктіріп жатырмыз. Бұл ретте банктердің де үлесі бар. Солар арқылы аудандардағы кәсіпорындарға қосымша жағдай жасап, жеңіл несие беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына қолдау көрсету қажет. Енді махаллалар да заман талабына сай әрекетті болуы керек. Жалпы, біз жұмыс істеймін деген адамға жағдай жасауымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Шенеуніктер елді мекендерде экономикалық кешенінің қызметін ұйымдастыру, халықты қала жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету міндеттері туралы ақпарат берді.