Дипломатиялық лауазымға тағайындалған кандидаттарды оқытуды ұйымдастыру тәртібі белгіленді

    Үкімет қаулысымен (8-санды, 10.01.2022 ж.) Дүниежүзілік экономикалық және дипломатия университеті жанындағы Дипломатиялық академияда дипломатиялық лауазымдарға тағайындалатын кандидаттарды оқытуды ұйымдастыру тәртібі туралы ереже бекітілді.

    Ережемен төмендегі лауазымдарға тағайындау мақсатында кадрлар қорына кіріктеліп алынған тұлғалар (үміткерлер) Дипломатиялық академия оқу кустарында білімін жетілдіру үшін жіберіледі:

    ▫️ Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті елшісі;

    Өзбекстанның халықаралық ұйымдарындағы тұрақты өкілі;

    Бас консул, консул;

    ▫️Өзбекстанның шет мемлекеттердегі дпломатиялық өкілеттіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар құзырындағы өкілеттіктердегі кеңесші-өкілі, кеңесші (сонымен қатар сауда-экономикалық мәселелер бойынша), бірінші хатшы, екінші хатшы, үшінші хатшы, атташесі.

    Оқу курстарының мақсаты дипломатиялық кадрлар резервіне іріктеліп алынған тұлғалардың кәсіби білімін, біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру болып табылады.

    Оқыту курстарын дәстүрлі және қашықтықтан ұйымдастырылады.

    Оқу курстарының тыңдаушылары оқуды аяқтағаннан кейін қорытынды емтихан тапсырады.

    Емтиханды нәтижелі тапсырған тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі.

    Анықтама үшін: Бұл Дипломатиялық академия Президенттің 2022 жылғы 23 июльдегі қаулысына сәйкес құрылды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates