Астықты қабылдау және қоймалардан шығару бойынша d-хarid.uz ақпараттық жүйесі іске қосылады

    Агросектор 30 May 2022 1570

    «Астық өсіру мен сату базарының қағидаттарын енгізудің қосымша іс-шаралары туралы» Президенттің қаулысы (№ ПҚ-262-санды, 28.05.2022 ж.) қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, 2022 жылдың өнімінен суармалы жердің әр гектарынан орта есеппен 2,5 тоннадан жалпы 2 550 мың тонна бидайдың:

    ➖ 1 783,5 мың тоннасы тауарлық бидай мемлекеттік ресурстар ретінде және 266,5 мың тонна тұқымдық үшін Ауыл шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдап-қуаттау қоры қаржысы есебінен сатып алынады;

    ➖500 мың тоннаны фермерлік шаруашылықтары мен басқа да астық өсірушілер тарапынан кейіншелік биржа саудаларында сату үшін Қордың коммерциялық өкілінде уақытша сақтауға қабылданады.

    2022 жылдың егіні үшін бидай өсірушілердің коммерциялық өкіліне уақытша сақтауға қабылданған тауарлық бидай 2022 жылдың июль-август айларында биржалық саудалары арқылы сатылады.

    Қор қаражаты есебінен сатып алынған және бидай өсірушілерден уақытша сақтауға алынған:

    3 және одан жоғары сыныптардағы бидай – биржадан сатып алынған бидайдың 75%-ынан кем болмаған мөлшердегі ұнды биржа саудалары арқылы сату жауапкершілігін алған, ұн өндіру қуаты бар кәсіпкерлерге;

    4- және 5- сыныптардағы бидай — барлық кәсіпкерлерге Министрлер Кабинеті бекіткен график негізінде биржа саудалары арқылы ешқандай шектеусіз сатылады.

    Шалғай, жету қиын болған, таулы аймақтарға ұн және ұн өнімдерін жеткізіп беру бойынша транспорт шығындарының 50 пайызына дейін бөлігі төленеді.

    Қаулыға сәйкес, астықты қоймалардан қабылдау мен шығарудың жедел және ашық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында d-xarid.uz ақпараттық жүйесі іске қосылады.