Мұқтаж отбасыларға мерекелік көңіл-күй сыйланды

    Жаңа жыл мерекесіне орай комбинат әкімшілігі мен кәсіподақ кеңесінің бірлескен жұмысы аясында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда.

    Халыққа жанашырлық көрсету – халқымыздың ерекше құндылығы. Науаи тау-металлургия комбинаты әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алып, мұқтаж отбасыларды, жалғызбасты қарттарды және балаларды материалдық және рухани қолдауға ерекше назар аударуда. Жаңа жыл қарсаңында комбинат әкімшілігі мен кәсіподақ кеңесі бірлесе отырып, ізгі істерді жүзеге асыруда.

    Атап айтқанда, мереке алдында кәсіпорын 1,5 мың мұқтаж отбасыға көмек көрсетіп, 16 түрлі азық-түлік жиынтығын таратты.

    Сонымен қатар, «Кедейліктен әл-ауқатқа» бағдарламасы аясында Зарафшан, Ғазғон қалалары мен Учқудуқ, Тамды және Нұрата аудандарындағы 14 махалла азаматтар жиналысында 200 мұқтаж отбасы мен олардың балаларына Жаңа жыл сыйлықтары, кітаптар жинағы және азық-түлік жиынтықтары табысталды.

    Жақында «НКМК» АҚ өкілдері Ғазғон қаласындағы «Шайхон» және «Мармарабад» махаллаларында тұратын мұқтаж отбасылардың жағдайын біліп қайтты.

    – Мереке күндері мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп жатқан мемлекет басшысына алғысымды білдіремін. Осы күндері бір топ комбинат өкілдері махалла белсенділерімен бірге үйімізге келіп, мерекемен құттықтап, азық-түлік жиынтығын табыстады. Бұл біздің отбасымызға қуаныш сыйлады. Осы ұйымдастырушылардың барлығына үлкен рақмет, – дейді Ғазғон қаласы, «Шайхон» махалласында тұратын Нилуфар Хусаинова.

    Қорыта айтқанда, осындай қайырымдылық шаралары елімізде адам құндылығын ұлықтауға қызмет етеді.

    "НКМК" баспасөз қызметі

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates