ЕО-мен белсенді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіледі және кеңейтіледі

    Үстіміздегі жылдың 19 октябрінде Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Еуропа Одағының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Тоиво Клаармен кездесті.

    Тараптардың назарында экономиканың үстем бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытудың бүгінгі жағдайы мен болашақтағы өзекті мәселелері болды.

    Инвестициялық ынтымақтастықтың тұрақты өсуі байқалады. Бүгінде Өзбекстанда Еуропа инвестициясының қатысуымен 997 кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен бірге, өзара ынтымақтастықты дамыту үшін әлі де зор мүмкіндіктер бар. Осы тұрғыда тараптар геология, энергетика және химия өнеркәсібі салаларындағы бұрын келісілген жобаларды жүзеге асырудың практикалық жақтарын егжей-тегжейлі талқылады. Жаңа біріккен инвестициялық бастамаларды өзара қолдап-қуаттау бойынша кешенді іс-шараларға дайын екені білдірді.

    Әңгімелесу барысында 2024-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары мен негізгі ұйымдастыру мәселелері де келісілді.

    Кездесу соңында тараптар өзара қарым-қатынастың барлық талқыланған бағыттары бойынша белсенді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту туралы келісті, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates