Қауіпсіздік пен сыртқы саясатқа қатысты шешімдер қазіргі уақытта Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің абсолютті құзыреті саналады және оларды Еуропа Одағы деңгейінде қабылдау үшін бірауыздан дауыс беруді талап етеді, деп хабарлады ria.ru.

"Сондықтан біз өз  тәртіп-ережелерімізді қалай тиімдірек ете алатынымыз туралы ойлап көру қажет. Біз әділет және ішкі істер мәселелері көп жылдық үдеріс барысында мүше мемлекеттердің абсолютті құзыретінен шығып, коммунитар салада қарала бастағанынан шабыттануымыз мүмкін.

Біз келісімдердегі ережелерді, мысалы, әскери және қорғаныс қаулылары контекстіндегі конструктивті бейтараптық механизмдерін зерттей аламыз. Сондай-ақ, ортақ сыртқы және қауіпсіздік саясатында білікті көпшілік дауыс беруді кезең-кезеңмен кеңейту мүмкіндігін қарастыруға батылдықпен қарауымыз керек".

Калластың айтуынша, бірауыздылықты кейбір Еуроодақ елдері мәміле құралы ретінде пайдаланады және бір мемлекеттің ветосы басқа мемлекеттер үшін саясатты белгілеп беруі мүмкін емес.