Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясында елімізде «жасыл» энергетиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінген.
Атап айтқанда, 2026 жылға келіп, Өзбекстандағы күн және жел электр станцияларының қуаты 8 мың МВт-қа, ал гидроэлектр станцияларының қуаты 2 920 МВт-қа (барлығы 10 920 МВт) жетеді.
Мұның нәтижесінде елімізде өндірілетін электр энергиясының 25 пайызы қайта тіктелетін энергия көздері («жасыл» энергетика) үлесін құрайды.
– Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл сайын 3 миллиард текше метрге жуық табиғи газ үнемделеді. Осы үнемделген газбен 1 миллион үйді 1 жыл ішінде көгілдір отынмен қамтуға болады.
- Немесе осы үнемделген көгілдір отын көлемімен қосымша ретінде 15 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіруге болады. Өзбекстан халқы (98 пайызы) 1 жылда 15 миллиард кВт/сағ электр энергиясын тұтынады.