Айтылуынша, 4 январь күніосы монументтің ашылу салтанаты өтті.
«Өзбекстан – 2030» стратегиясы рәмізінің негізін «Жаңа Өзбекстан» және “Үшінші Ренессанс” символы ретінде «Жаңа Өзбекстан» бағындағы Тәуелсіздік монументі рәмзін құрайды. Рәмізде бейнеленген Тәуелсіздік монументі еліміздің тарихы, бүгінгі күні мен болашағының өзара үндестігінің көрінісі ретінде түсіндірілсе, оның биікке көтерілуі халқымыздың бірлігі мен ынтымақтастығы, еліміздің әлем елдерімен татулығы, бейбітсүйгіш саясатына негізделген.
Сондай-ақ, жоғарыға ұмтылған сызықтар динамикасында «Өзбекстан-2030» стратегиясының бес үстем бағыты және онда белгіленген 100 мақсатты толық және табысты жүзеге асырудың игі идеясы бар.
Оның жоғарғы бөлігінде бақыт, еркіндік және бейбітшілік символы болып саналатын қанаттарын жазған Хумо құсы бейнеленген. Ол ежелден, үш мың жылдан астам мемлекеттік тәжірибесіне ие, сонымен бірге жігерлі, асқақ арман-мақсаттары үлкен, бойында еркіндікті сүйетін сезімдері ұрып тұрған, еңбексүйгіш және қымбатты халқына сүйенетін мемлекет рәмізі ретінде бейнеленген. Хумо құсына тұтас орнатылған үстіндер адам құқытары мен еркіндіктері, ұлттық және жалпыадамилық құндылықтары, білім мен тәрбие, мемлекет пен қоғам тепе-теңдігінің көрінісі ретінде бейлеленген.
Стратегияның рәмізінде жаңа редакциядағы Өзбекстан Конституциясында ереже ретінде белгіленген «Жаңа Өзбекстан – әлеуметтік мемлекет» қағидасының бейнелі символы ретінде қолданылған. Ол белсенді реформаларды жүзеге асыру барысында халықтың барлық қабаттарын қорғау, оларға, әсіресе отбасыларға, балаларға, әйелдерге, қарттарға, мүгедектерді жан-жақты қолдап-қуаттау, жұмыссыздықтан қорғау, кепілденген сапалы білім, медициналық көмек тұрақты мемлекет алдындағы үстем міндет екенінің ірге тасы.