Электронды газ есептегіш өшірілгенде...

    Энергия 4 Avgust 2021 47579

    «Hududgazta’minot» АҚ ақша төленбегендіктен өшірілген электронды газ есептегішті қайта жалғау бойынша тұтынушыларға мынадай түсіндіру істерін жүргізеді.

    «Hududgazta’minot» АҚ бүгінге дейін республика көлемінде 1,5 миллионнан астам табиғи газ тұтынушыларының үйлеріне электронды газ есептегіш орнатып, «BillingGaz» жүйесіне жалғау нәтижесінде, табиғи газ жеткізіп беру мен есеп-қисап жасау үдерісінде адам факторының әсері тоқтатылды.

    Тұтынған табиғи газ үшін қарызы бар тұтынушыларға тармақтан автоматты түрде өшірерден алдын, газ есептегіш орнатылып жатқан уақытта тұтынушы берген телефон нөмірге ескерту СМС-хабарнамалар жіберілед.

    Хабарнамадан соң, тек төлем төлемеген, қарызы бар тұтынушылардың газ есептегіші автоматты түрде өшіріледі!

    «Hududgazta’minot» АҚ тұтынушылардың сұранысы мен ұсыныстарын есепке алып, ақша төлемегендігі себепті өшірілген үйлердің есептегішін қайта қосу үдерісі тағы да оңайландырылды.

    Енді, өшірілген газ есептегішті қайта қосу үдерісі кезінде тұтынушының мобильді телефонына емес, тікелей үйлерге орнатылған есептегіштердегі сим-картаға жіберілген жағдайда есептегіштің алдыңғы бөлігінде ENTER түймесін 3 рет басу арқылы клапаны ашу мүмкіндігі жасалды.

    Төлем төленгеннен соң тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, есептегішпен газ шыққан немесе шықпағанын тексеру үшін 6-10 минуттық тест режимі іске қосылады. Осы уақыт аралығында үйлердегі барлық газ жиһаздардың краны жабық болуы шарт. Егер осы талап жүзеге асырылмай, тест режимін күтпестен, газды пайдалану басталса, тұтынушы қақылы болса да есептегіш клапанды қайта жабады. Бұл жағдай 3 рет қайталанған соң, есептегіш автоматты түрде блокталады, сөйтіп тұтынушыға аудан/қала газбен қамтамасыз ету бөлімдеріне немесе «Call-centre»дің 1104 нөмеріне қоңыраулап ұсынылады, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі «Hududgazta’minot» АҚ мәліметіне сүйеніп.

    Сондай-ақ хабар арқылы тұтынушыға қажетті төмендегі нұсқаулық ұсынылған:

    Төлемегендік себеппен өшіп қалған ЭТЕҚ-ды қайта газ тармағына қосу бойынша қысқа нұсқаулық!

    1) Тұтынушыларға қарыздарлық туралы СМС хабарнама келеді.

    2) Төлем жүзеге асырылады (мұнда тұтынушы балансында артықша сумма сумма болуы керек).

    3) Қалаған түймені басып дисплей қосылады.

    4) ENTER түймесі басылғанда орталықпен байланыс ((|)) орнатылады.

    5) Дисплейде «ULANISH» сөз пайда болады және ENTER түймесін басу арқылы кейінгі іске өтеді.

    6) Дисплейде «OCHISH» сөзі шығып, ENTER түймесін басу арқылы есептегіш клапаны ашылады.

    ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!