Хелен Лоран: Жаңа Өзбекстанда беймемлекеттік ұйымдардың дамуына үлкен көңіл бөлінуде

    Өзбекстан тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдары федерациясының төрағасы Жахангир Саримсоқов басшылығындағы делегация Женева қаласында Халықаралық тұтынушылар ұйымының бас директоры Хелен Лоран ханыммен кездесті.

    Сұхбат барысында Х.Лоран ханым жаңа Өзбекстан басшылығының бүгінде республикада жұмыс істейтін беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың, әсіресе, тұтынушылардың әлеуметтік әрекетін жан-жақты қолдап-қуаттауға бағытталған іс-әрекеттеріне жоғары баға берді.

    Х.Лоран Еуропа мен Азия тұтынушыларының ІІ халықаралық форумын Бұхара мен Самарқант қаласында өткізуді, сондай-ақ Ташкент қаласында Халықаралық тұтынушылар ұйымының штаб-пәтерін ашуды ұсынысын алға тартты.

    Кездесу барысында тұтынушылық әлеуметтік әрекеттерді одан әрі дамытуға және өзара тәжірибе алмасуға қатысты бірқатар мәселелер жан-жақты талқыланды.

    Ақпарат үшін: Халықаралық тұтынушылар ұйымы – 1960 жылы құрылып тұтынушылар ұйымынының жаһандық желісі болып, ол әлемнің барлық құрлықтарындағы 100-ден астам елдердің 200-ден астам тұтынушы ұйымдарын өзінде бірлестірген. Ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымында консультативтік мәртебеге ие.

    Өзбекстан Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдары федерациясы 2018 жылдан бері осы халықаралық ұйымның толыққанды мүшесі болып табылады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates