27 тамызда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент облысы мен астанадағы осындай кешендермен танысты.
Соның бірі – Зеңгіата ауданында салынған «Электрондық үкімет» жүйесінің бірыңғай деректерді сақтау және өңдеу орталығы.
Республикадағы барлық салаларды цифрландыру және халыққа қызмет көрсетуді ыңғайлы ету шаралары қабылдануда. Сондай-ақ, елде қашықтан қызмет көрсету экспорты бойынша бірегей өңірлік хабына айналуда. Бұл халықаралық талаптарға сай Дата орталығын құру қажеттілігін тудырды.
Сондықтан «Цифрлық Өзбекстан – 2030» стратегиясы аясында Өзбекстанда тұңғыш рет ауқымды мәліметтерді сақтау және өңдеу орталығы құрылды. Мемлекет басшысы мұнда жасалған жағдайды аралап көрді.
Орталықта Қытайдың Huawei компаниясымен бірлесе отырып, 20 петабайт жады бар жүйе құрылды. 580 сервер, жалпы қуаты 5 мегаватт дизельдік генераторлар жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Ғимараттарды салқындату, өрт қауіпсіздігі желілері де барлық талаптарға сай. Жалпы, Деректер орталығында халықаралық «Uptime» институты берген TIER III сертификаты бар.
– Бұл орталық цифрландырудың «жүрегі», «Электрондық үкіметтің» ұйытқысы», – деді Мемлекет басшысы.
Бұл орталықтың жұмыс істеуі нәтижесінде мемлекеттік органдардың деректерді сақтауға және техникалық қолдауға жұмсайтын миллиардтаған шығындары үнемдеп, азаматтар мен кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет сапасы артады. Ең бастысы, кибершабуылдардан сенімді қорғаныс қамтамасыз етілген.