«Электрондық үкіметті» дамыту жолындағы ынтымақтастықтың жаңа басқышында

    Өзбекстан Республикасының Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Ш. Шерматов бастаған делегация Қазақстан Республикасына іссапарымен барды. Іссапар барысында АКТ министрлігі делегациясы мен «Холдинг Зерде» АҚ өкілдерінің арасында кездесу өтті.

    Кездесу барысында Өзбекстан Республикасы Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігіне қарасты «Электрондық үкімет» жобаларын басқару орталығы мен Қазақстан Республикасының «Холдинг Зерде» компаниясы арасында электронды үкімет жүйесін дамыту және тұрғындардың цифрлық трансформациясы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сонымен бірге тәжірибе алмасу мақсатында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

    2008 жылы құрылған «Холдинг «Зерде» АҚ мемлекетті цифрландырудың негізгі әрекеттендірушісі болып табылады. «Холдинг Зерде» электронды үкіметті дамытумен айналысады және мемлекеттік органдар үшін IT архитектурасын жасайды. Бүгінде компания «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс атқаруда. Сондай-ақ IT технологиялар нарығын дамытуға және озық жобаларды жүзеге асырумен шұғылданады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates