Электрондық төлемдер бойынша алаяқтық, алдау немесе сенімге қиянат жасау үшін жауапкершілікті күшейту мәселесі талқыланды

    Қауіпсіздік 29 Avgust 2022 2326

    Үстіміздегі жылдың 29 авгусында Олий Мажлис Сенатының Сот-құқық мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің мәжілісі өтті.

    Онда «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы және Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жүйесінде 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өтініштермен жұмыс істеу жағдайы талқыланды.

    Талқылау барысында Қылмыстық кодекске, Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске және «Тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізіліп жатқаны айтылды.

    Атап айтқанда, елімізде электронды төлем құралдарын алаяқтық, яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы өзгенің мүлкіне деген құқықтарды иемденумен байланысты қылмыстарды Қылмыс кодексінің 168- және 169- баптарын ауырлататын жағдай ретінде жауапкершілікті айқындайтын нормамен толықтырылып жатқаны атап өтілді.

    Сондай-ақ, заңмен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске материалдық мәдени мұра нысандарын құрметтемеу, қорлау немесе бүлдіру үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа норма енгізілуде.

    Соның нәтижесінде еліміздегі мәдени мұра нысандарын (ескерткіштерді) қорғалуын қамтамасыз етуге және киелі орындарымыздың жақсы сақталуына қол жеткізуге қызмет етеді.

    Сонымен қатар, жиналыста мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүйесінде

    2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өтініштермен жұмыс істеудің жағдайы талқыланды.

    Сенат тарапынан кейбір мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жүйесінде 2022 жылдың бірінші жартысында өтініштермен жұмыс істеу жағдайы үйреніліп, өтініштермен істеуде жол қойылған кемшіліктер сынға алынды.

    Атап айтқанда, Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету, Құрылыс министрлігі, Экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитетінде азаматтарды қабылдауға арналған жеке бөлме ажыратылмаған.

    Қаржы министрлігіне қарасты Бюджеттен тыс Зейнетақы қорының азаматтарды қабылдау бөлмесі мүлде басқа ғимаратта орналасқан. Ал Орталық банкте азаматтарды қабылдау бөлмесінде қажетті жағдай жасалмаған.

    Сондай-ақ, Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары, Көлік, Халыққа білім беру, Құрылыс, Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету, Ауыл шаруашылығы министрліктерінде, Зейнетақы қорында, Білім сапасын бақылау мемлекеттік инспекциясында, Кадастр агенттігінде, Құрылыс саласындағы бақылау инспекциясында және Агробанкте өтініштерді қарау мерзімдеріне қаралмаған.

    Сондай-ақ, сенаторлар өтініштердің оң шешілу мәселелерін дер кезінде қолға алынбағанын, соның салдарынан олардың саны күрт артуына себеп болғанын, мемлекеттік кеңселер тарапынан жеке және заңды тұлғаларды өтініш беруге мәжбүр еткен өзекті мәселелерді шешуде және олардың туындау себептерін жою бойынша тиісті шаралар қабылданбағанын сынға алды.

    Талқылаулар нәтижесінде тұрғындар ең көп өтініш жасауға мәжбүр болған жүйелі проблемалар мен оларды туындататын факторларды махаллада немесе төменгі жүйенің өзінде жою шараларын қарастыру, барлық деңгейдегі басшылар диалог және жылжымалы қабылдауларды жүйелі ұйымдастыру және өтінішті сол жерде шешу шараларын қарастыру, әлеуметтік салалардағы өтініштерді шұғыл үйрену, оларға дер кезінде ой-пікір білдіру практикасын кеңейту туралы ұсыныстар берілді.

    Мәжіліс соңында аталған мәселелер бойынша Сот-құқықтық мәселелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу комитеті тиісті қаулылар қабылдады.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.